Камала Харрис Африка сапарына шықты
Камала Харрис Африка елдеріне алғашқы сапары аясында Ганаға, Танзанияға және Замбияға барды.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президентінің орынбасары Камала Харрис Африка елдеріне алғашқы сапары аясында Ганаға, Танзанияға және Замбияға барды.
Харрис дипломатиялық қарым-қатынастарды тереңдету және экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін африкалық көшбасшылармен, іскер адамдармен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.
Харристің сапары АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обамадан кейінгі Африкаға жасалған ең жоғары деңгейдегі сапарлардың бірі болмақ.
Алғашқы аялдамасы Гана астанасы Аккраға барған АҚШ президентінің орынбасары одан кейін Дар-эс-Салам мен Лусакаға барады.
Сапардың басты тақырыптарының бірі Қытайдың Африка құрлығына артқан ықпалына байланысты болатыны болжануда.
Қытайдың құрлықтағы экономикалық болмысын күшейтуіне алаңдаған АҚШ сауда қарым-қатынастарын ілгерілету үшін Африка құрлығында жеке инвестициялардың көбеюін қалайды.
Ұқсас жаңалықтар

Германияда азаматтық алғандардың көбі сириялық
Мәлімдемеде 6 мың 810 ирактық пен 5 мың 600 украинға Германия азаматтығы берілгені атап өтілді.