Сириядағы АҚШ бастаған коалицияның базасына шабуыл

Хасекедегі шабуылда 1 адам қаза тауып, 6 адам жараланды.

1964469
Сириядағы АҚШ бастаған коалицияның базасына шабуыл

Сирияның Хасеке қаласында орналасқан АҚШ басшылық жасаған ДАИШ-пен күрес коалициясының әскери базасына пилотсыз әуе көлігімен жасалған шабуылда 1 адам қаза тауып, 6 адам жараланды.

АҚШ Қорғаныс министрлігінен (Пентагон) жасалған мәлімдемеде кеше жергілікті уақытпен сағат 13:30 шамасында бір пилотсыз әуе көлігі ДАИШ-ке қарсы коалицияға тиесілі техникалық қызмет көрсету нысанын атқаны жарияланды.

Мәлімдемеде шабуыл салдарынан АҚШ-пен келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін 1 қызметкері қаза тапқаны, 1 қызметкер мен 5 АҚШ сарбазының жарақат алғанын хабарланды.

Аталмыш пилотсыз әуе көлігінің Иранға тиесілі екені атап көрсетілген мәлімдемеде АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің бағалауына да орын берілді.

Остин «Президент (Джо) Байденнің тапсырмасымен АҚШ Орталық қолбасшылығы күштеріне Иран Төңкеріс сарбаздарымен байланысты топтар пайдаланған нысандарға әуе шабуылын жасауға рұқсат бердім. Бұл шабуыл бүгінгі шабуылға қоса,  Сириядағы коалиция күштеріне қарсы Иран Төңкеріс сарбаздарымен байланысты топтардың соңғы шабуылдарына жауап ретінде жасалды» деді.

АҚШ-тың шабуылының американдық қызметкерлерді қорғау мақсатты жүзеге асырылоғанына назар аударған Остин шабуылдың шиеленісті арттыру қаупін азайту үшін шектен аспаған бір шабуыл екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар