ЕО мен БҰҰ уағдаласты

Ресейді Украинадан дереу, шартсыз түрде толығымен кетуге шақырды.

1964626
ЕО мен БҰҰ уағдаласты

Еуропа Одағы мен БҰҰ жаһандық мәселелерде бірге жұмыс істеуге уәде берді.

ЕО кеңесі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш те қатысқан ЕО Лидерлер саммитіне байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеге қарағанда, БҰҰ мен ЕО өзекті жаһандық мәселелерді еңсеру үшін ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсетті. Көп жақтылыққа деген тәуелділікті атап көрсеткен тараптар бейбітшіл, әділ және тұрақты әлем үшін жақын ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Тараптар Ресейдің Украинаға шабуылы жалғасып жатқан кезде ЕО елдерінің БҰҰ шартына және принциптеріне толық тәуелділігін бекітті. Ресейді Украинадан дереу, шартсыз түрде толығымен кетуге шақырды.

Қаратеңіз астық бастамасын да талқылаған тараптар мұның ЕО-ның азық-түлік қауіпсіздігі бастамасымен бірге ықпалды болғанын атап көрсетті.

ЕО лидерлері мен Гуттериш әсіресе даму қаржыландыруына шоғырланған отырыста жаһандық қиыншылықтарды қолға алудағы ролдерін нығайту үшін көп жақты даму банктерін реформалауға шақыру тастады.

Басшылар мен БҰҰ бас хатшысы екі жақты қатынастарды тереңдетуді жалғастыруға уағдаласты.



Ұқсас жаңалықтар