Дүниежүзілік метеорология күні

"Климаттың өзгеруі Жер шарын өмір сүруге жарамсыз етіп жібеді"

1964482
Дүниежүзілік метеорология күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш климаттың өзгеруі Жер шарын өмір сүруге жарамсыз етіп жібергенін мәлімдеді.

Гутерриш Дүниежүзілік метеорология күніне байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Жаһандық жылынуды 1,5 градустан төмен ұстай алмаудың әлемді «климаттық апатқа» жақындататынын айтқан Гутерриш әркімнің болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін атқаруы керектігін атап өтті.

Энергия мен көлік жүйелерін өзгерту қажеттілігіне назар аударған Гутерриш қазба отын пайдалануға тәуелділікті азайту арқылы жаңартылатын энергияны қабылдау керек екенін баса айтты.

Гутерриш көміртегі шығарындыларын азайту үшін даму жолындағы елдерге қаржылық және техникалық қолдау көрсету керектігін мәлімдеді.

2023 жыл «уақыт өткізудің емес, трансформация жылы» болуы керек екенін атап өткен ол «Климаттың өзгеруі біздің Жер шарымызды өмір сүруге жарамсыз қылуда. Енді табиғатқа қарсы мағынасыз соғысымызды тоқтатуымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар