Дмитрий Песков мәлімдеме жасады
Песков бас қала Мәскеуде журналистерге өзекті мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» табиғи газ құбырларына өткен жылы орын алған жарылыстарға қатысты тергеудің ашық және ауқымды болу керектігін мәлімдеді.
Песков бас қала Мәскеуде журналистерге өзекті мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.
«Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» табиғи газ құбыр желілерінде өткен жылы орын алған жарылыстарға тоқталған Песков Дания Энергетика агенттігінің «Солтүстік ағын-2» табиғи газ құбыр желісі жобасының «Nord Stream 2 AG» атқарушы компаниясын желінің қасындағы бір нәрсенің теңізден шығарылуы кезеңіне қатысуға шақыруын болымды жағдай деп бағалады.
Песков «Оның қандай нәрсе екенін, лаңкестік әрекетке қатысы бар-жоғын анықтау, тергеу аясында өте маңызды. Тергеу барлық мүдделі тараптардың қатысуы тұрғысынан ауқымды және ашық болуы керек» деді.