С. Корея шекарасында бірлескен жаттығу

Пхеньян әкімшілігі ай басынан бері 6, жыл басынан бері 20-дан астам зымыран сынады.

1964135
С. Корея шекарасында бірлескен жаттығу

Оңтүстік Корея мен АҚШ  Солтүстік Корея шекарасына жақын аймақта әскери жаттығу өткізуде.

Йонхап агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік және Солтүстік Корея шекарасындағы қарусыздандырылған аймақтың (DMZ) оңтүстігіндегі 30 шақырым жердегі Почеон қаласының территориясында шын оқ-дәрі қолданылған бірлкескен әскери жаттығуда 100 гаубица, көптеген броньды техника және 800 сарбаз орын алды.  

Оңтүстік Корея мен АҚШ арасында өткізілген бірлескен әскери оқу-жаттығуда оқу іс-шаралары екі ел сарбаздарының өзара әрекеттесуіне және біріктірілген атыс күшіне бағытталғаны айтылды.

Оңтүстік Корея армиясының шенеуніктері оқу-жаттығудың «Солтүстік Кореяның үздіксіз қоқан-лоқысына жауап ретінде одақтастардың орасан зор атыс күшін көрсету үшін» ұйымдастырылғанын  атап өтті.

Оңтүстік Корея мен АҚШ арасында 14 наурызда басталған «Бостандық қалқаны» жаттығуынан кейін зымыран сынақтарын арттырған С. Корея 20 наурызда ядролық қарсы шабуыл жаттығуын өткізетінін жариялаған болатын.

Пхеньян әкімшілігі ай басынан бері 6, жыл басынан бері 20-дан астам зымыран сынады.



Ұқсас жаңалықтар