Германияда ереуіл

Гамбург әуежайында кеше түнде басталған ереуіл 24 сағатқа созылуы мүмкін.

1964248
Германияда ереуіл

Германиядағы Мюнхен және Гамбург әуежайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің ескерту ереуіліне байланысты рейстерде кешігулер мен үзілістер орын алуда.

Мюнхен әуежайынан жасалған мәлімдемеде қауіпсіздік және жердегі қызметкерлерінің ескерту ереуілінің бүгін таңертең жергілікті уақытпен 08:00-де басталғаны және түстен кейін сағат 14:00-де аяқталатыны айтылды.

Әуежайда кейбір қауіпсіздік бақылау қақпалары ашылмады. Рейстері бар жолаушыларға әуежайға мүмкіндігінше ертерек баруға кеңес берілді.

Гамбург әуежайында кеше түнде басталған ереуіл 24 сағатқа созылуы мүмкін.

Бүгін әуежайда жоспарланған 252 рейстің ешқайсысы әзірге тоқтатылмады және жолаушылардың ықтимал кешігулерге қарсы сақтық шараларын қабылдауы керектігі айтылды.

«Верди» кәсіподақ ұйымының үндеуімен ереуілге шыққан қызметкерлер жалақыларын 10,5 пайызға көтеруді талап етіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар