Францияда жаппай ереуіл

Халық парламентте дауыс берусіз қабылданған зейнеткерлік реформасына наразылық білдіруде.

1964126
Францияда жаппай ереуіл

Францияда зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін көтеретін даулы реформаға қарсы көптеген сектор елде 9-шы рет жаппай ереуілге шықты. 

Француз баспасөзінің хабарлауынша,  энергетика, көлік және білім саласының қызметкерлері парламентте дауыс берусіз қабылданған зейнеткерлік реформасына наразылық білдіруде.

Тазалық жұмысшыларының ереуіліне байланысты астана Парижде мыңдаған тонна қоқыс үйіліп қалды. Көлік саласы қызметкерлерінің ереуілі пойыз бен автобус қатынасында үлкен кедергілер тудырды.

Көптеген мұнай өңдеу зауыттарында жалғасып жатқан ереуілдерге байланысты бүкіл елде жанармай тапшылығы туындады. 40 аймақтағы жанармай құю бекеттерінің 15 пайызы «жанармай тапшылығынан» қызмет көрсете алмай қалды.

Жанар-жағармай тапшылығына байланысты көптеген аймақтағы станция алдында көліктердің ұзын-сонар кезектері қалыптаса бастады.

Ереуілге байланысты көптеген қалаларда, әсіресе Парижде миллиондаған адам көшеге шығып, наразылық шерулерін бастайды деп күтілуде.

Оппозициялық партиялар қолдау берген ереуілдерде наразылар президент Эммануэль Макронның өтініші бойынша зейнеткерлік реформасын парламентте дауыссыз қабылдаған үкіметтен реформаны кері қайтарып алуды талап етуде.



Ұқсас жаңалықтар