Блинкен АҚШ сенатының сұрақтарына жауап қайтарды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы АҚШ Сенатында Сыртқы істер министрлігі бюджеті туралы отырысқа қатысты.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейді маңызды санкция мен шектеулерді әкелетін "Терроризмді қолдайтын елдер тізіміне" енгізудің жағымсыз нәтижелерге себеп болуы мүмкін екенін атап көрсетті.
АҚШ Сенаты қарамағындағы Қаржы бөлу комитетінің Сыртқы істер және бағдарламалары жөніндегі кіші комиссиясында 2024 жылға арналған Сыртқы істер министрлігі бюджеті туралы отырыста қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.
Бір АҚШ сенаторының Ресейдің "Терроризмді қолдайтын елдер тізіміне" енгізу туралы жұмыс істеліп, іселмегені жөніндегі сұрағына Блинкен Ресейге қарсы сан-алуан санкциялар іске қосылғанын еске салды.
Блинкен «Ресейдің әскери қылмыстары мен зұлымдығына бағытталған әртүрлі санкциялар бар. Менің ойымша, оны терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізіміне қосу жағымсыз нәтижелерге жол ашуы мүмкін» деді.
Мәскеуге қарсы барлық ақылға қонымды қадамдарды басқандарын атап көрсеткен Блинкен терроризмді қолдайтын елдер тізіміне Ресейді енгізу тақырыбын талқылауымыз керек. Бірдей нәтижеге қол жеткізетін одан жақсы әдістер бар» деді.