Украина әскері Ресей шабуылдарына тойтарыс беруде

Украина әскері Бахмуттағы Ресей шабуылдарына қарсы тойтарыс берді.

1963376
Украина әскері Ресей шабуылдарына тойтарыс беруде

Украина Бас штабы Ресей күштерінің 4 зымыран мен 24 әуе шабуылы жасағанын хабарлады.

Орыс күштерінің айтарлықтай қару-жарақ пен әскери қуатын жоғалтқанына қарамастан аймақты басып алу әрекетінен бас тартпағаны айтылды.

Ұлыбритания Украинаға сауыт тесіп өтетін оқ-дәрілер береді.

Снарядтардың заманауи танктер мен броньды көліктерді жоюда өте қуақтты екені айтылды.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Лондонның бұл әрекетіне наразылық білдірді.

Лавров мұндай әрекеттер бүкіл әлемдегі стратегиялық тұрақтылыққа нұқсан келтіретінін айтты.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) болса ескі танктердің корпустарын жаңартып, Украинаға береді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагоннан жасалған мәлімдемеде Украина армиясына танктерді жеткізуді жеделдету үшін жаңа «Abrams» танктерінің орнына ескі танктердің жеткізілетіні айтылды.

Украина Халықаралық валюта қорымен (İMF) 15 миллиард 600 миллион долларлық қаржыландыру пакеті бойынша келісімге келді.

İMF тарапынан  жасалған мәлімдемеде қаржылық тұрақтылықты және экономиканы қалпына келтіруді қолдауды қоса алғанда, 48 айлық қор беруге келісілгені жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар