Халықаралық құқық бұзушылық есебі

2022 жылғы дүниежүзілік құқық бұзушылық есебі жариялады.

1963591
Халықаралық құқық бұзушылық есебі

Құқық бұзушылықтарды бақылаудың халықаралық орталығы «2022 жылғы дүниежүзілік құқық бұзушылық есебін» жариялады.

Орталық төрағасы Вейсел Башар Cтамбулда өткізген баспасөз мәслихатында биылғы жылы дайындалған әлемдік құқық бұзушылықтар туралы 11-ші есепті жариялады.

Есепте орын алған исламофобияға туралы деректерге сілтеме жасаған Башар «Биыл 6 270 исламофобиялық шабуылмен рекорд жаңартылды. Америка мен Еуропада пана іздеушілерге қатысты этникалық және діни кемсітушілік пен көзқарастар бұл елдерде әсіре радикал оңшылдардың күшеюіне, куәлік қақтығысы мен құқықтардың бұзылуына себеп болатыны анықталды. Еуроодақ негізіндегі құқықтардың бұзылуында исламға қарсы шабуылдар жыл сайын артып келеді» деді.

Башар АҚШ-тағы нәсіл мен діни негізде адам құқықтарының бұзылуының бірінші орынға көтерілгенін және АҚШ пен Еуроодақ елдерінде құқық қорғау қызметінің заңсыз және шектен асқан күш қолданудың айтарлықтай көбейгенін, мұның негізінен босқындар мен мигрант топтарға қатысты кемсітушілік және нәсілшілдікті қамтитынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар