Ауғанстан, Пәкістан және Чилиде жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Ауғанстанмен шекараға жақын Хайбер-Пахтунхва қаласында қатты сезілді.

1963259
Ауғанстан, Пәкістан және Чилиде жер сілкінісі болды
afganistan deprem.jpg
pakistan deprem.jpg

Кеше кешке Ауғанстанның Хиндикуш аймағында болған 6,5 балдық жер сілкінісі салдарынан Пәкістанда қаза тапқандар саны 9-ға жетіп, 160-тан астам адам жарақат алды.

«Geo News» телеарнасының хабарына қарағанда жер сілкінісі Ауғанстанмен шекараға жақын Хайбер-Пахтунхва қаласында қатты сезілді.

Хайбер-Пахтунхвада қаза тапқандар саны 9-ға жетіп, 160-тан астам адам жараланды. Қаза тапқандар арасында 2 әйел мен 2 бала бар. Осы уақытқа дейін штатта 19 үй ішінара зақымданған.

Америка геологиялық қызметінің мәлімдемесінде 6,5 балдық жер сілкінісінің эпицентрі Ауғанстанның солтүстік шығысындағы Бадахшан қаласының Курм ауданы екені хабарланды.

Жер сілкінісі Пәкістанның бас қаласы Исламабад, Лахор, Равалпинди, Кветта, Пешавар және басқа да көптеген қалаларда сезілді.

Оңтүстік Америка елі Чилидің орталық бөлігінде магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Чили университеті Ұлттық сейсмология орталығының мәліметі бойынша эпицентрі елдің Мелипилла қаласы болған 5,6 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 14:38-де тіркелді.

57 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісі салдарынан адам немесе мүлік шығыны бар-жоғы туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар