Колумбияда әскери тікұшақ құлады
Апат салдарынан 4 сарбаздың қаза тапқаны білдірілді.

Колумбияда әскери тікұшақтың Choco әкімшілік аймағындағы орман алқабына құлауы салдарынан 4 әскер қаза тапты.
Армия жасаған мәлімдемеде «EJC 4227» нөмірлі әскери тікұшақтың Кибдо қаласының Ла-Плайта төңірегіндегі орман алқабына құлағаны хабарланды.
Апат салдарынан 4 сарбаздың қаза тапқаны білдірілді.
Колумбия президенті Густаво Петро апатта қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көңіл айтып, «Өкінішке орай апаттан ешкім құтылмады. Лауазымдыларға дереу аймаққа бару үшін тапсырма бердім» деді.
Колумбия баспасөзінде жарияланған хабарға қарағанда, операциядан қайтып келе жатқан әскери тікұшақтың механикалық ақау салдарынан апатқа ұшырағаны болжалды.
Әлеуметтік желіде тараған кейбір суреттерде тікұшақтың құлау сәтінің көріністері де орын алды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоғанның жеңісімен байланысты Песков мәлімдеме жасады
Песков: "Бірлескен орыс-түрік жобаларын жүзеге асыруда айтарлықтай қарқын бар".