Иран Францияны сынады

Иран өкілі «Франция наразылықтарға қарсы күш қолдануды тоқтатуы керек» деді.

1962007
Иран Францияны сынады

Иран Франциядағы зейнеткерлік реформасына қарсы шерулерге француз полициясының килігуін сынады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Насер Кенани бұл туралы мәлімдеме жасады. Француз полициясының наразылықтарға қарсы күш қолдануы – бұл ел үкіметінің демократия мен сөз бостандығы қағидаттарын ұстанбағанының көрсеткіші» деді ол.

Кенани «Париж әкімшілігіне адам құқықтарына қатысты қос стандарттан бас тартуға және мәселені шешуге кеңес береміз» деп мәлімдеді.

Иран өкілі «Франция наразылықтарға қарсы күш қолдануды тоқтатуы керек» деді.

Үкіметтің зейнет жасын 2 жылға созатын заң жобасын дауыссыз қабылдау туралы шешімінен кейін 16 наурыз күні басталған наразылық шеруіне қауіпсіздік күштері килікті.

Көптеген қалаларда әсіресе Париж, Марсель, Бордо, Нант және Амьенде өткен шерулерде шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болды. Наразылық шаралары кезінде осы уақытқа дейін 500-ден астам демонстрант ұсталғаны, кейін демонстранттардан 283-і босатылғаны хабарланды.

Францияда зейнеткерлік реформасына наразылықтар жалғасып жатқанда, үкіметке сенімсіздік мәселесі парламентте талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар