Иракта тікұшақ апаты
Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі тікұгшақтың Түрік Қарулы күштеріне тиесілі екенін алға тартты.

Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі кеше Дукокта құлаған тікұшаққа мінгендердің кейбіреулерінің террор ұйымы PKK мүшелері екенін жариялады.
Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі Террормен күрес бөлімі Дукоктың Чеманке шағын ауданында құлаған тікұшаққа байланысты ресми әлеуметтік парақшасынан мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде «Қауіпсіздік күштері тікұшаққа қатысты алдын ала тергеу жүргізіп, алғашқы тұжырымдар тікұшақтың «Eurocopter AS350» типті екенін және қаза тапқандардың кейбірінің PKK террористі екенін көрсетті. Тікұшақтың нақты кімге тиесілі екенін анықтау үшін егжей-тегжейлі тергеу жалғасуда» делінді.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда «Ирактың солтүстігінде Түрік қарулы күштеріне (TSK) тиесілі тікұшақ құлады» деген қауесеттің шындыққа жатпағанын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Ұшқары еврей қоныстанушылар әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады
Сауд Арабиясы мен Катар ұшқары еврей қоныстанушыларының әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылын айыптады.

Грекия Израильден зымырандық жүйесі сатып алатынын жариялады
Грекия Израильден «Spike NLOS» зымырандық жүйелерін сатып алады.