"Боко харамның" 1 332 мүшесі қауіпсіздік күштеріне берілді

Нигерияның солтүстік шығысында екі аптаның ішінде «Боко Харамның» 1 332 мүшесі берілді.

1957956
"Боко харамның" 1 332 мүшесі қауіпсіздік күштеріне берілді

Нигерия Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Муса Данмадами соңғы екі аптада қауіпсіздік күштерінің Борно штатында террор ұйымы "Боко Харамға" қарсы операция жасағанын мәлімдеді.

Данмадами операциялар барысында 1 332 террористтің отбасымен бірге қауіпсіздік күштеріне берілгенін атап көрсетті.

Террористтер кепілге алған 19 бейбіт тұрғынның құтқарылғанын атап көрсеткен Данмадами ұйымның 8 мүшесінің залалсыздандырылғанын, ұйымға логистикалық қолдау көрсеткен 35 адамның да ұсталғанын айтты.

Нигерияда 2000 жылы құрылған «Боко Харам» террор ұйымы 2009 жылдан бері ұйымдастырған жаппай лаңкестік әрекеттерінде 20 мыңнан астам адам қаза тапты.

Террор ұйымы 2015 жылдан бері елдің шекаралас көршілері Камерун, Чад және Нигерде де шабуылдар жасады. Ұйымның Чад көлі бассейніндегі шабуылдарында кемінде 2000 адам қаза тапты.

Елдегі терактілер мен қақтығыстар себепті жүз мыңдаған адам қоныс аударуға мәжбүр болды.



Ұқсас жаңалықтар