АҚШ-та тағы бір пойыз рельстен шығып кетті
АҚШ-та тағы «Norfolk Southern»-ге тиесілі бір пойыз рельстен шығып кетті.

АҚШ-тың Алабама штатында орналасқан Калхун округінде «Norfolk Southern» компаниясына тиесілі жүк пойызының 30 вагоны рельстен шығып кетті.
Лауазымдылардың айтуынша пойыз Джорджия штатынан Миссисипи штатына қарай бара жатқан.
Апатта халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың жоқтығын білдірген билік қаза болғандар мен зардап шеккендер болмағанын хабарлады.
Пойыздың неліктен рельстен шығып кеткені әзірге белгісіз. Дегенмен «Norfolk Southern» пойыздары өткен айдан бері үшінші рет рельстен шығып кетті.
Ең соңғы рельстен шығып кету оқиғасы «Norfolk Southern»-нің бас директоры Алан Шоу Огайо штатындағы «East Palestine» (Шығыс Палестина) қаласының маңында қауіпті химиялық заттарды тасымалдайтын компанияға тиесілі бір пойыздың 3 ақпан күні рельстен шығу және қоршаған орта апатына жол ашқаны туралы түсініктеме бергеннен бірнеше сағат бұрын болды.
Ұқсас жаңалықтар

Сергей Лавров Қытайға алғыс айтты
Сергей Лавров Қытайға Украина дағдарысына қатысты теңгерімді ұстанымы үшін алғыс айтты.