АҚШ-та қызылша эпидемиясы ескертуі
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мәлімдеме жасады.
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Кентукки штатында өткен діни іс-шарада шамамен 20 000 адам қызылша эпидемиясы өршу қаупіне ұшырауы мүмкін екендігі айтылды.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәлімдемесінде өткен айда Кентукки штатының Уилмор қаласындағы Асбери университетінде христиандар тобы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан біреуге кейінірек қызылша диагнозы қойылғаны ескертілді.
Мәлімдемеде «Егер сіз 17-18 ақпан күндері Асбери университетінің жиналысына қатысқан болсаңыз және сізде қызылшаға қарсы вакцина болмаса басқа адамдарға қызылшаны жұқтырмас үшін 21 күн карантинге шығып, белгілеріңізді бақылауға алдырыңыз» делінді.
Мәлімдемеде сондай-ақ екпе алмаған адамдарға қызылшаға, эпидемиялық паротитке және қызамыққа қарсы вакцина салу ұсынылды.
Лауазымдылар қызылша вирусының тыныс жолдары арқылы өте жұқпалы және осыған байланысты жетілдірілген вакциналарға қарамастан бүкіл әлемде әсіресе балалар өліміне себеп болған қауіпті эпидемия екенін ескертуде.
Ұқсас жаңалықтар

Сергей Лавров Қытайға алғыс айтты
Сергей Лавров Қытайға Украина дағдарысына қатысты теңгерімді ұстанымы үшін алғыс айтты.