Түркия, Швеция және Финляндия ортақ механизмі ілгерілеуде

Столтенберг Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонмен кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

1956515
Түркия, Швеция және Финляндия ортақ механизмі ілгерілеуде

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия, Швеция және Финляндия тұрақты ортақ механизмі үдерісін қайта жандандыру керектігін айтты.

Столтенберг Швецияның астанасы Стокгольмде Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонмен кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Кристерссонмен Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қатысуын аяқтау мәселесін талқылағандарын айтқан Столтенберг «Бұл ең басты тақырып. Ілгерілеп жатырмыз. Түркияның заңды қауіпсіздік алаңдаушылығы бар. Ешбір НАТО одақтасы мұндай көп лаңкестік шабуылға ұшыраған жоқ. Швецияның PKK-мен күресте жаңа террор заңын шығарып, Анкарамен ынтымақтастық жасайтынына ризамын» деген сөздер қолданды.

Столтенберг сонымен қатар Швецияның Түркияға қару-жарақ экспортында ешқандай шектеулер болмауын құптайтынын білдірді.

Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде 9 наурыз күні үш ел өкілдерінің қатысуымен өтетін жиналысқа сілтеме жасады. Столтенберг  президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркия, Финляндия және Швеция тарапынан 2022 жылы 28 маусымда НАТО Мадрид саммитінде қол қойған үштік меморандум шеңберінде құрылған тұрақты ортақ механизм жиналысының қайта басталуын қабылдағанына риза екенін баяндады.



Ұқсас жаңалықтар