Байден мен Макрон сөйлесті

Байденнің Франция президенті Макронмен телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

1956459
Байден мен Макрон сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден Франция президенті Эммануэль Макронмен Украинаға көмек пен Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы ынтымақтастықты талқылады.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Байденнің Франция президенті Макронмен телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

Әңгіме барысында көшбасшылардың Украинаға қолдау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастыруға деген ынтасы, сондай-ақ агрессиясының құнын Ресейге төлету міндеттемелері талқыланды.

Байден мен Макрон сондай-ақ  АҚШ пен Францияның Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы ынтымақтастығын талқылады, айырықша Қытайдың ережеге негізделген халықаралық тәртіпке қарсы шығарған мәселелеріне бірлескен күш-жігерді қолға алды.



Ұқсас жаңалықтар