Австралияда 2000 гектардан астам орман алқабы өртенді

BBC телеарнасының жаңалықтар бағдарламасы өрттердің толық бақылауға алынбағанын білдірді.

1956685
Австралияда 2000 гектардан астам орман алқабы өртенді

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында (NSW) 5 наурыз күні басталған және әлі толық бақылауға алынбаған орман өрттерінде 2000 гектардан астам орман алқабы өртенді.

BBC телеарнасының жаңалықтар бағдарламасы Жаңа Оңтүстік Уэльс өрт сөндірушілеріне сілтеген хабарында штаттың бас қаласы Сиднейге қоса көптеген аймақта ыстық ауа райына байланысты басталған 33 өрттің 10-ының әлі бақылауға алынбағанын білдірді.

Мәлімдемеде қатты желдің жалынның тез таралуына себеп болғаны жазылғанымен, өрт аймағында тұратындар үшін эвакуацияға шақырылғаны айтылды.

2 мың гектардан астам орман алқабының күл-қоқыс болғаны, әзірге толық бақылау мүмкіндігі болмағаны айтылып, аймақта жаңа өрттердің шығуы мүмкін екені ескертілді.

Алғашқы анықтаулар бойынша өртте адам шығыны болмағанымен, аудандағы кейбір үйлерге зиян келгені анықталды.

Австралияның NSW штатында дүйсенбі күні ауа температурасының 40 градустан асуымен 2021 жылдың қаңтар айынан бергі ең ыстық күндер тіркелді.

Австралияның NSW, Квинсленд, Виктория және Оңтүстік Австралия штаттарында 2019 жылдың қыркүйек айынан басталған және шамамен 6 айға созылған бұрын-соңды болмаған ауқымды орман өрттерінен 34 адам тікелей зардап шекті және түтін сияқты зиянды әсерлерден 445 адам қайтыс болды.

Ел тарихына «Қара жаз» деген атпен із қалдырған өрт салдарынан жойылған 18 миллион гектардан астам жерде 3 500 үй және 5 852 ғимарат өртеніп, көптеген жануарлар қырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар