Венесуэлада мыңдаған адам бұрынғы президент Чавесті еске алды
Каракастан бастап көптеген қалада Уго Чавес еске алынды.




Венесуэлада мыңдаған адам бұрынғы президент Уго Чавестің қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай еске алды.
Каракастан бастап көптеген қалада Венесуэла Біріккен Социалистік партиясы (PSUV) басшылығымен Чавесті еске алу шеруі өтті.
Чавестің Әскери тарих мұражайындағы кесенесіне гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.
Твиттердегі аккаунтынан мәлімдеме жасаған Мемлекеттік министр Николас Мадуро Чавестің өз халқының жүрегі мен көңілінде өмір сүретінін атап, «Сіз бізге шексіз сүйіспеншілігіңізбен жол көрсеттіңіз және әрқашан көрсетесіз» деді.
Каракаста өткен еске алу рәсіміне Боливия президенті Луис Арсе, Никарагуа президенті Даниэль Ортега, Кубаның бұрынғы президенті Рауль Кастро, Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралес, Эквадордың бұрынғы президенті Рафаэль Корреа және Гондурастың бұрынғы президенті Мануэль Селая қатысты.
VTV мемлекеттік арнасына сөйлеген Боливия президенті Арсе 1999 жылғы сайлауда жеңіске жету арқылы Чавес Венесуэланы өзгертіп, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде социализмді құрғанын айтты.
Боливияның бұрынғы президенті Моралес болса жауға қарсы ынтымақтастықта болу керектігін атап көрсетті.
Эквадордың бұрынғы президенті Корреа да Чавес ашқан үміт үнінің ешқашан сөнбейтінін атап өтті.
Венесуэланы 14 жыл басқарған Чавес 2013 жылы 5 наурыз күні 58 жаста қаза тапқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Германияда азаматтық алғандардың көбі сириялық
Мәлімдемеде 6 мың 810 ирактық пен 5 мың 600 украинға Германия азаматтығы берілгені атап өтілді.