Сербия Украинаға қару сатпады

Сербия президенті Александр Вучич Украина мен Ресейге қару мен оқ-дәрі сатпағанын білдірді.

1955099
Сербия Украинаға қару сатпады

Сербия президенті Александр Вучич елінің Украина мен Ресейге қару мен оқ-дәрі сатпағанын айтты.

Александр Вучич Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 5-ші Аз дамыған елдер конференциясына қатысу үшін барған Катардың астанасы Дохада серб ақпарат өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Словения президенті Натаса Пирк Мусар, Польша президенті Анджей Дуда және Катар әмірі Шейх Тамим бин Хамед әл Санимен екіжақты кездесулер өткізгенін атап өткен Вучич Катардың стратегиялық серіктестері қатарына қосылуын үміт ететінін білдірді.

Баспасөздерде шыққан «Сербия Украинаға қару сатуда» деген айыптауға наразылық көрсеткен Вучич:

"Түрліше қауесеттер таралуда. Сербия ешкімге қару жібермеді. Бізде қару жасайтын зауыттар бар, алайда Украина мен Ресейге бірде-бір қару мен оқ-дәрі сатпадық. Бұл шындық. Әрине біз де ақша табуды қалаймыз және бұл тақырыпты мақтан тұтамыз» деді.

Елінің халықаралық құқықты ұстанатынын және келісімдерге қол қойғанын білдірген Вучич болашақта өз көзқарасын өзгертуге ықпал ететін ешкімнің жоқ екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар