Хаменей қыз оқушылардың улану оқиғасымен байланысты тапсырма берді
Иранның діни басшысы «қылмыскерлерді ең ауыр түрде жазалауға» тапсырма берді.
Иран діни көшбасшысы Али Хаменей қыз оқушылар барған мектептердегі улану оқиғаларына қатысты лауазымдыларға «қылмыстыларды ең ауыр түрде жазалауға» тапсырма берді.
Хаманей «Ағаш отырғызу күніне» орай сөйлеген сөзінде ел көлемінде алаңдаушылық туғызған және оқушы қыздар нысанаға алынған мектеп шабуылына тоқталды.
Қылмыстық желі немесе ұйымдық құрылым болуы мүмкіндігіне назар аударған Хаменей қоғамда алаңдаушылық пен үрей тудыратын бұл қылмысқа жол беруге болмайтынын түсіндірді.
Бұл қоғамның ең жазықсыз бөлігіне яғни балаларға қарсы жасалғаны себепті «үлкен бір қылмыс» екенін баса айтқан Хаменей «Барлау және қауіпсіздік күштері оқиғаның негізгі жауапкерлерін анықтау керек. Оқиғаның кінәлісі қылмыскерлерді ең ауыр жазамен жазалау керек. Оларды аямай, жазалау баршаға үлгілі болу керек» деді.
Иранда 2022 жылдың 30 қараша күнінен бері мектептердегі жаппай улану оқиғалары назар аударады.
Себебі әлі нақты түсіндірілмеген улану оқиғаларына қатысты лауазымдылар «Мектептерде қолданылатын удың құрамында N2 (диазот) газы табылғанын анықталды» деген еді.
Режим қарсыластарының уәждері бойынша Иран әкімшілігінің ішінде әйелдер бастаған Махса Эмини шерулерінің кегін алғысы келетін кейбір радикалды топтар бар.
Тегеран әкімшілігіне жақын ақпарат көздері болса, оқиғаның арғы жағында халықты әкімшілікке қарсы айдап салуды мақсат еткен режимге қарсы элементтер бар екенін білдірді.