Ми имплантының клиникалық сынақтары қабылданбады

АҚШ "SpaceX" ғарыш компаниясының бас директоры Илон Масктың "Neuralink" компаниясы жасайтын ми имплантының клиникалық сынақтарынан бас тартты.

1954623
Ми имплантының клиникалық сынақтары қабылданбады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы "SpaceX" ғарыш компаниясының бас директоры Илон Масктың "Neuralink" компаниясы жасайтын ми имплантының клиникалық сынақтарынан бас тартты.

Негізгі себебі ми тінінің ықтимал зақымдалуы туралы алаңдаушылық деп пайымдалды.

Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы пайдаланушының миымен байланысатын жіңішке тамырша жіптерінің көшіп кетуі, ми мен импланттың функционалдығын өзгертуі, қабынуды асқындыруы, қан тамырларын жыртуы және басқа да нәзік тіндерді зақымдауы мүмкін деген алаңдаушылықты себеп ретінде көрсетіп отыр.

Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы сонымен қатар "Neuralink"-тің зиянсыз тоқтатылу мүмкіндігінен де алаңдауда.  

Илон Маск бұрын "Neuralink"-ке оны өз балаларына имплантациялауға жеткілікті сенімді екенін, бұл сал ауруына шалдыққан адамдарға толық әрекет мүмкіндігін беретінін және соңында адамдар естеліктерін жазып, қайталай еске түсіре алатынын айтқан болатын.         

 



Ұқсас жаңалықтар