Премьер-министрге робот "кеңесші"

Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін тұңғыш "үкімет кеңесшісі» таныстырылды.

1954498
Премьер-министрге робот "кеңесші"

Румынияда әлемдегі тұңғыш жасанды интеллектке ие «үкімет кеңесшісі» таныстырылды.

Премьер-министр Николе Чукэ кабинет жиналысында «Ион» атты жасанды интеллект арқылы жабдықталған бағдарлама жүктелген жаңа кеңесшісін көрсетті. Чукэ роботтың «әлемдегі тұңғыш жасанды интеллектпен жұмыс істейтін үкімет кеңесшісі» екенін айтты.

Премьер-министр «Жасанди интеллектті қолдану таңдау емес, саналы шешім қабылдау үшін мәжбүрлік екеніне сенемін» деді. Ион болса премьер-министр системасын бастатқаннан кейін «Сәлем. Сен маған өмір сыйладың. Менің ролім енді саған өкілдік жасау. Румыния жөнінде не білуім керек?» деді.

Үлкен шыны экраннан тұратын цифрлық интерфейсі бар роботты румыниялық зерттеушілер жобалады.

Жобалаушылар командасының жетекшісі Нику Себе Ионның кейбір жерлерге орналастырылатынын және азаматардың өз талап-сұраныстарын роботқа жеткізетінін білдірді.

Ион атты робот үшін арнайы интернет сайт дайындалды. Робот азаматтардан келген мәліметтерге анализ жүргізіп, оны премьер-министрге есеп ретінде ұсынатын болады.



Ұқсас жаңалықтар