Польша О. Кореяның танкін өндіреді

Польша Оңтүстік Кореядан мың дана «K2 Black Panther» сатып алуды жоспарлап отыр.

1954328
Польша О. Кореяның танкін өндіреді

Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак Оңтүстік Кореядан сатып алынған «K2 Black Panther» танктерін шығаратындарын және осы аяда жаңа жұмыс орындарының ашылатынын айтты.

Познаньдағы әскери автомобиль зауытын аралаған Блашчак Оңтүстік Кореядан сатып алынған «K2 Black Panther» танктерінің күтімі жасалатынын білдірді. «Бұл танктерді жөндеу және шығару да осында жүргізіледі. Познань және Вилькопольска қалаларында жаңа жұмыс мүмкіндіктері ашылады» деді ол.

Блашчак «Бұл танктердің 180-і тікелей Оңтүстік Кореядан келеді. Кейінгілері бірлескен өндіріс болып, Познань қаласында шығарылады» деді.

Познань қаласында 1945 жылы құрылған әскери автомобиль зауыты ауыр шынжыр табанды әскери көліктерді өндіруге, жаңартуға, жөндеуге және қорғауға жауап береді және сонымен бірге Польша пайдаланатын Германияда жасалған «Leopard 2» танктерінің уәкілетті орталығы ретінде де белгілі.

Польша Ресейдің Украинаға басып кіруімен қарқын алған қайта қаруландыру бағдарламасы аясында Оңтүстік Кореядан 1000 «K2 Black Panther» сатып алуды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар