Бір палестиналық бала қаза тапты

Израиль күштерінің басып алған Батыс Шерияға жасаған шабуылында бір палестиналық бала қаза тапты.

1954175
Бір палестиналық бала қаза тапты

Израиль күштерінің басып алған Батыс Шерияға жасаған шабуылында бір палестиналық бала қаза тауып, 2 палестиналық жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, Израиль күштері  Батыс Шерияның солтүстігіндегі Калкиядағы Аззун қалашығының шығыс кіреберісіне шабуыл жасаған.

Шабуылға наразылық көрсеткен палестиналықтар мен Израиль күштері арасында қиян-кескі қақтығыстар болды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Израиль күштерінің шабуылында арқасынан оқ тиген  15 жастағы Мұхаммед Нидал Селим қайтыс болды, тағы бір бала ауыр жарақат алды.

 



Ұқсас жаңалықтар