Ресейдің шабуылынан бейуаз халық өлуде

Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында Ресейдің Запорожьеге шабуыл жасағанын мәлімдеді.

1953897
Ресейдің шабуылынан бейуаз халық өлуде

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясының түнде Запорожье қаласында пәтерге шабуыл жасағанын, сондай-ақ шабуылда қаза тапқандар мен жараланғандардың болғанын хабарлады.

Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында Ресейдің Запорожьеге шабуыл жасағанын мәлімдеді.

«Басқыншылар түнде Запорожье қала орталығына оқ жаудырды. Оқтар пәтерге тиді» деген Зеленский пәтердің 3, 4 және 5-ші қабаттарының қирағанын түсіндірді.

Зеленский қаза болғандар мен жараланғандардың бар екенін және іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын атап көрсетті.

Зеленский «Террористік мемлекет халқымыздың әр күнін террор күніне айналдырғысы келеді. Бірақ біздің территориямызды зұлымдық билік жүргізбейді. Біз барлық басқыншыларды шекарадан айдап шығамыз және олар бәріне жауап береді» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар