Лавров қытайлық әріптесімен Украина мәселесін талқылады
Лавров Үлкен жиырмалық елдері жиналысы аясында қытайлық әріптесімен бас қосты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қытай Сыртқы істер министрі Цинь Ган пен Украина мәселесін талқылады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Лавров пен Циньнің Үндістанның бас қаласы Жаңа-Делиде өткен Үлкен жиырмалық елдері Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында бас қосқаны білдірілді.
Кездесуде екі министр Украинадағы жағдайды және Украина дағдарысын саяси жолмен шешуде Қытай мемлекетінің ұстанымынан бастап басқа да халықаралық мәселелерді талқыланғаны аталған мәлімдемеде «Барлық талқыланған мәселелер бойынша жоғары деңгейде жақындық пен консенсус байқалды. Басқа елдердің ішкі істеріне араласу, бопсалау және қоқан-лоққы жасау арқылы біржақты көзқарастарды таңу, халықаралық қатынастарды демократияландыруға қарсы тұру әрекеттері бірауыздан қабылданбады. Екі ел арасындағы сыртқы саяси өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету мақсатында тұрақты байланыстарды, оның ішінде бетпе-бет байланыстарды сақтаудың маңыздылығы атап өтілді» делінді.
Кездесуде Ресей мен Қытай арасында 2023 жылы Кеңес жоспарына қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ресейде ұшқышсыз әуе аппараты бір пәтердің үстіне құлады
Ресейдің Воронеж қаласында таңертең ұшқышсыз әуе аппараты бір пәтердің үстіне құлады.