Финляндия  Ресей шекарасында қоршау орнатады

Финляндия шығысындағы Ресей шекарасындағы Иматра өткелінің екі жағына тікенек сымды темір қоршау орнатады.

1953079
Финляндия  Ресей шекарасында қоршау орнатады

Финляндия елдің шығысындағы Ресей шекарасындағы Иматра өткелінің екі жағына ұзындығы үш шақырымдық тікенек сымды темір қоршау орнату жұмыстары басталғанын хабарлады.

Жұмыстарының кеше басталғаны айтылған мәлімдемеде «Иматра өткелінің екі жағындағы үш шақырымдық қоршаудың құрылыс жұмыстары басталды. Жол құрылысы мен қоршау орнату наурыз айында басталады. Содан кейін техникалық бақылау жүйесі салынады. Тәжірибелік жобаны іске асыру маусымның соңы аяқталады деп күтілуде» деген сөздерге орын берді.

Мәлімдемеде аталған жобаға үкімет тарапынан бөлінген қаражат 70 шақырымдық тосқауылға жұмсалатыны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар