"Украинаның жеңіске жетуі керек"

Министр  Ресейдің тікелей және ұзақ мерзімді қауіп екенін атап өтті.

1952749
"Украинаның жеңіске жетуі керек"

Литва Қорғаныс министрі Арвидас Анусаускас «Ресейге қарсы бір жылға созылған соғыста Украина жеңіске жетуі керек, әйтпесе бүкіл аймақтың қауіпсіздігіне қауіп төнеді» деп мәлімдеді.

Анусаускас баспасөзге жасаған мәлімдемесінде көптеген одақтас елдің соңғы уақытта қорғаныс шығындарын айтарлықтай арттыру үшін тарихи шешім қабылдағанын айтты.

Литва үкіметінің қорғаныс шығындарында нық қадамдар жасағанын атап көрсеткен Анусаускас елдің жалпы ішкі өнімінің 3 пайызын қорғаныс бюджетіне айыруды мақсат еткендерін атап өтті.

Министр  Ресейдің тікелей және ұзақ мерзімді қауіп екенін атап өтті.

"Литва Калининград және Беларусьпен шекаралас. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы әскери қатердің анық екенін дәлелдейді. Ресейдің агрессивті әскери ұстанымы, Калининград облысын қарқынды милитаризациялауы, Беларусьтің Ресейге интеграциялануы Литваға және аймаққа үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан НАТО-ның тежеу ​​қабілетін және  Балтық елдеріндегі қорғаныс позициясын нығайтуының маңызы зор» деді ол.

Елінің Украинаны қатты қолдайтынын білдірген Анусаускас «Литва Украинаның жанында болады, Киев бұл соғыста жеңіске жетуі керек, әйтпесе бүкіл аймақтың қауіпсіздігіне қауіп төнеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар