Иран ауқымды әуе қорғаныс жаттығуын бастады

Бригада генералы Кадир Рахимзаде мәлімдеме жасады.

1952629
Иран ауқымды әуе қорғаныс жаттығуын бастады

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда «Аспан қорғаушылары 1401» деп аталатын оқу-жаттығу Армия мен Төңкеріс сарбаздары күштерінің әуе қорғаныс бөлімшелерінің қатысуымен басталды.

Оқу-жаттығу туралы мәлімет берген бригада генералы Кадир Рахимзаде «Арнайы мақсаттағы бірлескен әуе қорғаныс жаттығуының операциялық кезеңі елдің солтүстік батысы, батысы және орталығындағы әуе кеңістігінде жүзеге асырылады. Жаттығудың соңғы сатысы елдің әуе кеңістігінің шамамен үштен екі бөлігінде, яғни 1 миллион шаршы шақырымнан астам аумақта өтпек» деді.

Рахимзаде оқу-жаттығуда әскери ұшақтар, дрогдар, радарлар, электронды соғыс жабдығы және байланыс жүйелерінің қолданылатынын және 100-ден астам ұшақпен елдің ядролық, әскери және экономикалық орталықтарына бағытталған ықтимал бір шабуылға қарсы әуе қорғаныс жүйелерінің қабілетінің сыналатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар