Палестина әкімшілігінен Израильге наразылық

Палестина әкімшілігі: «Израиль армиясының қорғауында жасалған лаңкестік әрекет».

1952015
Палестина әкімшілігінен Израильге наразылық

Палестина әкімшілігі Израильдің басып алған Шерияның батысындағы Наблус қаласына еврей қоныстанушылардың шабуылдарын қазіргі дағдарыстың шешіміне тосқауыл қою мақсатында жасалғанын жариялады.

Палестина ресми ақпарат агенттігі (WAFA) жариялаған жазбаша мәлімдемеде «Иордан өзенінің батыс жағалауындағы еврей қоныстанушыларының шабуылдары қазіргі дағдарысты шешуге бағытталған халықаралық күш-жігерге кедергі жасауды көздейді» делінді.

Мәлімдемеде еврей қоныстанушылардың Наблуста палестиналықтарға бағыттап жасаған шабуылдар туралы «Израиль армиясының қорғауымен жасалған лаңкестік әрекет» делінген.

Палестина билігі шабуылдардың «Радикал Израиль үкіметіндегі кейбір министрлердің ұстанымдардың ықпалымен» орын алғанын атап оқиғалардың «ешкім болжамаған реакцияға айналуы мүмкін» деп ескертті.

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы Наблустың Затера қаласында еврей қоныстанушылардың қарулы шабуылы нәтижесінде шын оқпен жараланған 37 жастағы Самих Хамдаллах Махмуд Акташтың қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Бейта қаласы тұрғындарының бірі Акташтың жер сілкінісінің артынан Түркиядағы іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқаны білдірілді. 

Еврей қоныстанушылар аймақта Молотов бомбасымен шабуыл жасап, көптеген палестиналықтың үйін, жұмыс орнын және көлігін өртеп жіберді. 

WAFA палестиналық Акташтың өліміне қоса 392-ден астам палестиналықтың шын және резеңке жабынды металл оқтардың салдарынан жарақат алғанын, физикалық шабуылға ұшырағанын және көз жасаурататын газдан зардап шеккенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар