Герцог еврей қоныстанушылардың шабуылын айыптайды
Израиль президенті Ицхак Герцог Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасады.
Израиль президенті Ицхак Герцог еврей қоныстанушылар Израиль басып алған Шерияның батысындағы Наблус қаласында жасаған шабуылды айыптады.
Герцог Twitter аккаунтынан жасаған жазбаша мәлімдемесінде еврей қоныстанушылардың Наблустағы палестиналықтарды нысанаға алған шабуылын айыптағанын атап «Заңды бұзып, бүлік шығарып, жазықсыз адамдарға күш көрсетуді қатты айыптаймын. Бұл біздің жолымыз емес. Біз Израиль армиясы, полициясы және қауіпсіздік күштеріне бұл опасыз террористерді ұстап, тәртіпті дереу қалпына келтіруге рұқсат беруге тиіспіз» деді.
Екінші жағынан Израиль армиясы Наблустағы оқиғаларға байланысты жасаған жазбаша мәлімдесінде «Яхудийе және Самария елді мекендеріне тағы екі әскери бөлімше жіберіліп, Наблус маңындағы бекеттерде қауіпсіздік шаралары арттырылды» деді.
Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы Наблустың Затера қаласында еврей қоныстанушыларының қарулы шабуылы нәтижесінде оқ тиіп, жараланған 37 жастағы Самих Хамдаллах Махмуд Акташтың қайтыс болғанын хабарлаған еді.
Бейта қаласы тұрғындарының бірі Акташтың жер сілкінісінің артынан Түркиядағы іздеу-құтқару жұмыстарына ерікті қатысқаны атап өтілді.
Еврей қоныстанушылар аймақта Молотов бомбасымен шабуыл жасап, көптеген палестиналықтың үйін, жұмыс орнын және көлігін өртеп жіберді.
Палестина ресми хабар агенттігі "WAFA" палестиналық Акташтың өліміне қоса 392-ден астам палестиналықтың нағыз оқ пен резеңке жабынды металл оқтардың салдарынан жарақат алғанын, физикалық шабуылға ұшырағанын және көз жасаурататын газдан зардап шеккенін жариялаған болатын.