Жапониядан көмек

Жапония 27 миллион долларлық шұғыл гуманитарлық көмек көрсетеді.

1951110
Жапониядан көмек

Жапония жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мен Сирияға шамамен 27 миллион долларлық шұғыл гуманитарлық көмек көрсетеді.

Түркия Кахраманмарашта болған жер сілкіністерінен кейін «жарасын» таңуға тырысып жатқанда, Жапония үкіметі де қол ұшын созды.

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Хироказу Мацуно Түркия мен Сирияға шамамен 27 миллион долларлық шұғыл гуманитарлық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Мацуно көмектің 16 миллион долларының халықаралық ұйымдар арқылы берілетінін және Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге баспана, тамақ және басқа да күнделікті қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жұмылдырылатынын атап көрсетті.

Мацуно Токионың бір үкіметтік емес ұйым арқылы екі елге 4 миллион долларлық қолдау көрсететіні туралы ақпаратпен бөлісіп, жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін Түркия мен Сирияға гуманитарлық қолдауын жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ Жапонияның бір халықаралық көмек қоры арқылы Сирияға 7 миллион долларлық көмек жіберетіні белгілі болды.



Ұқсас жаңалықтар