Сиси Зеленскиймен сөйлесті

Әңгіме барысында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ Украинадағы гуманитарлық мәселелер талқыланды.

1950903
Сиси Зеленскиймен сөйлесті

Мысыр президенті Әбдул Фаттах Әс-Сиси мен Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы соңғы оқиғаларды және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіндегі дағдарысты талқылады.

Мысыр президенттігінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Сиси Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы оқиғалар, сондай-ақ Украинадағы гуманитарлық мәселелер талқыланды.

Диалог пен дипломатиялық шешімге басымдық беру керектігін атап көрсеткен Сиси бір жылдан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина дағдарысының саяси шешімін жеделдету үшін барлық күш-жігерге келіссөздер арқылы қолдау көрсетілетінін айтты.

Дүние жүзіндегі көптеген халықтың, әсіресе Африканың азық-түлік дағдарысынан зардап шегіп жатқанын тілге тиек еткен екі басшы астық экспорты туралы келісімді ұзарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.

Өзінің бидай қажеттілігінің 80 пайызын импорттайтын Мысыр -  әлемдегі ең көп бидай импорттайтын ел.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, өткен жылы 13,3 миллион тонна бидай импорттаған Мысырдың ең үлкен жеткізушісі 8,96 миллион тоннамен Ресей болды.



Ұқсас жаңалықтар