Француз әскері Буркина-Фасодан кетті

Үкімет француз әскерлердің кетуі үшін 1 ай уақыт берген еді.

1948916
Француз әскері Буркина-Фасодан кетті

Буркина-Фасодағы француз әскерлері кетті.

Буркина-Фасо армиясынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда «Sabre» операциясында қызмет еткен француз әскерлерінің барлығы елден кетті.

Француз сарбаздары орналасқан ел астанасы Вагадугу маңындағы «Камбоинсин» әскери базасы да босады.

2022 жылы 30 қыркүйекте Буркина-Фасода билікке келген әскери үкімет 23 қаңтарда Франциямен әскери ынтымақтастық келісімін тоқтатқанын жариялап, француз сарбаздарына елден кету үшін  1 ай уақыт берді.

Вагадугу қаласында орналасқан «Sabre» операциясын Францияның арнайы операциялар қолбасшылығының 400 сарбазы қалыптастырды.

Есімін «Атты әскер қылышы» дегенді білдіретін француз сөзінен алған операция француз территориясынан тыс жерде жүргізілген ең ұзақ және маңызды арнайы операция болып саналды.

2009 жылы Мавританиядағы Франция елшілігіне жасалған шабуылдан және адамдарды кепілге алу оқиғаларынан кейін басталған операция алдымен Мавританияда, содан кейін Нигерде орындалды.

Француз әскерлері 2010 жылы Вагадугу қаласындағы «Камбоинсин» әскери базасына тұрақты түрде орналастырылған еді.



Ұқсас жаңалықтар