Тәжікстанда қар көшкіні

Қазірге дейін 17 адам қаза тапты.

1947651
Тәжікстанда қар көшкіні

Тәжікстанда қар көшкіні салдарынан 17 адам қаза тапты.

Тәжікстанның Төтенше жағдайлар комитеті жасаған мәлімдемеде соңғы күндері елдің таулы аймақтарында қар көшкіні салдарынан қаза тапқандардың саны 17-ге жеткені хабарланды.

Соңғы күндері 100-ге жуық қар көшкіні оқиғасының болғаны хабарланған. Мәлімдемага қарағанда қауіп әлі де жалғасуда. Апат аймағында іздестіру-құтқару топтарының жұмысы жалғасып жатыр.

Қар көшкіні салдарынан ел астанасы Душанбе мен елдің солтүстігін байланыстыратын Душанбе-Чанак тас жолы секілді кейбір  жолдар көлік қозғалысына жабылған.

Тәжікстан билігі кеше апаттан 4 үйдің толығымен қирағанын, аймақтағы 35 үй, 5 кәсіпорын мен инфрақұрылым жүйелеріне қатты зақым келгенін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар