Бапкер Грегг Попович жер сілкінісі жайлы көңіл-күйін білдірді

Сан Антонио Спөрс бас бапкері Грегг Попович «Өңірді білетін адам ретінде үлкен апатта қаза тапқандар үшін қатты қайғырдым» деді.

1946813
Бапкер Грегг Попович жер сілкінісі жайлы көңіл-күйін білдірді

Сан Антонио Спөрс бас бапкері Грегг Попович «Socrates» (Сократ) журналының «Ынтымақ және қолдау» басылымына қатысып, жер сілкінісінен зардап шеккен балалар үшін Дарушшафакаға қайырымдылық жасайтынын айтты.

Спорт мәдениеті журналы «Socrates» эпицентрі Кахраманмараш және  10 аймақты қамтыған  жер сілкінісінен зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін арнайы хабар жариялады. 

NBA-ның аты аңызға айналған жаттықтырушыларының бірі, «Сан-Антонио Спөрс» бас бапкері Грегг Попович те «Socrates» журналының  «Ынтымақтастық және қолдау» хабарына өзі жіберген бейне хабарламасымен қатысты.

Сұхбатын түрік тілінде «сәлеметсіз бе» деп бастаған Попович «Мен сіздің уақытыңызды алу үшін және осы апаттан зардап шеккен құрбандардың жағдайын түсінетінімді көрсету үшін келдім. Өңірді білетін адам ретінде үлкен апатта қаза тапқандар үшін қатты қайғырдым. Мен Диярбакырда бір жыл тұрдым және жас кезімде Газиантеп сияқты көптеген қалаларды араладым. Ол жердегі адамдардың сенімін, мінезін және қиыншылықтарды жеңу күшін білемін. Мен сізден тілейтінім, егер  бір жерде көмектесе алатын болсаңыз, көмектесетін жолды табыңыз. Мен жетім балаға білім беру мүмкіндігін беретін Дарушшафака мектептерімен бірге әрекет етемін. Дарушшафака жүздеген жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан және көптеген жетім балалар үшін осы қызметті жүзеге асыратын тамаша мекеме. Қолыңнан келсе, көмектесуіңді өтінемін» деген сөздер қолданды.

Попович сөзінің аяғында түрік халқына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар