Сирияда 3162 адам қаза тапты

Оппозиция бақылауындағы аймақтардағы құтқару жұмыстарына Сирия Ұлттық Армиясы мүшелері де қатысуда.

1944303
Сирияда 3162 адам қаза тапты

Эпицентрі Түркиядағы Кахраманмараш болған жер сілкіністерінде Сирияның түрлі аймақтарында 3 мың 162 адам қаза тапты. 5 мың 235 адам жарақат алды.

Сирияда Идлиб, Алеппо, Хама, Латакия және Тартус секілді жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

«SANA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, жер сілкінісі кезінде Алеппо, Латакия, Хама және Тартус қалаларында Асад үкіметінің бақылауындағы жерлерде 1262 адам қаза тапты. 2 мың 285 адам жарақат алды.

Сирияның солтүстігінде оппозиция бақылауындағы аймақтарда да көптеген ғимарат құлады немесе зардап шекті.

Оппозиция бақылауындағы аймақтардағы құтқару жұмыстарына Сирия Ұлттық Армиясы мүшелері де қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар