Швецияда бұл жолы Құран Кәрімді өртеуге рұқсат берілмеді
Швецияда бұл жолы Түркиядағы Стокгольм елшілігінің алдында Құран Кәрімді өртеуге рұқсат берілмеді.
Швецияда даниялық ұшқары оңшыл саясаткер Расмус Палуданның арандатуынан кейін бұл жолы Түркиядағы Стокгольм елшілігінің алдында Құран Кәрімді өртеуге рұқсат берілмеді.
Стокгольм полициясының баспасөз хатшысы Ола Өстерлинг Түркиядағы Стокгольм елшілігінің алдында бір адамның Құранды өртеу үшін сұраған рұқсатына тойтарыс берілгенін хабарлады.
Өстерлинг «Шешім қабылдамас бұрын Швеция барлау ұйымы SEPO-мен бұл мәселе бойынша диалог жүргіздік. Нәтижесінде аталмыш адамның әрекет етуіне рұқсат бермеуге шешім қабылдадық» деді.
Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Швеция астанасы Стокгольмде даниялық ұшқары оңшыл саясаткер Расмус Палудан Түркияның Стокгольм елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген. Сондай-ақ полициялардың қорғауымен өткізілген шеру кезінде Палуданға ешкімнің жақындауына рұқсат етілмеген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-та 2 әскери тікұшағы құлады
АҚШ-тың Кентукки штатында 2 әскери тікұшақтың құлауы кесірінен 9 сарбаз қаза тапты.

Ауғанстанда тасқыннан 10 кісі мерт болды
Су тасқынында 10 адамның қаза болғанын атап көрсеткен Рахими 76 адамның жараланғанын білдірді.