«Лондон декларациясына» қол қойылды

Декларацияда Украинаға әскери қолдаудың жалғасатыны және Ұлыбританияның Ресейге қарсы санкцияларының жалғасатыны айтылды.

1944193
«Лондон декларациясына» қол қойылды

Ұлыбритания мен Украина екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Лондон декларациясына» қол қойылды.

Ұлыбританияның астанасы Лондонға барған Украина президенті Владимир Зеленский мен Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Декларацияға қол қойды.

Декларацияда «Ресей Украинаға шабуылдар жасады. Ресей шабуыл жасау арқылы  Еуропаға  қауіп төндіруде және адамдардың өз болашақтарын белгілеу құқығына қол сұғуда. Біздің бостандығымызға қауіп төндіруде» делінген.

Ұлыбритания мен Украинаның Ресейге қарсы тұру ынтымақтастығына баса назар аударылған декларацияда Ұлыбританияның Украинаның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекарасын табанды түрде қолдауын жалғастыратыны айтылды.

Декларацияда Украинаның өз қауіпсіздігіне, соның ішінде НАТО-ға мүшелікке ұмтылуына қолдау көрсетілетіні атап өтілді.

Декларацияда Украинаға әскери қолдаудың жалғасатыны және Ұлыбританияның Ресейге қарсы санкцияларының жалғасатыны айтылды.

Декларацияда 21-22 маусымда Лондонда Украинаның қалыпқа түсу мәселесін талқылайтын конференция өтетіні баяндалды.

 



Ұқсас жаңалықтар