Әлем баспасөзі жер сілкінісіне кеңінен орын беруде

Әлем баспасөзі Түркияда болған жойқын жер сілкіністеріне кеңінен орын беруде.

1944259
Әлем баспасөзі жер сілкінісіне кеңінен орын беруде

Әлем баспасөзі эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык және Елбистан аудандарында болған және 10 аймақты қамтыған 7,7 және 7,6 балдық екі жер сілкінісіне кеңінен орын беруді жалғастыруда.

Жер сілкіністері туралы ақпаратты сәт сайын бөліскен британдық «BBC» телеарнасы 200 жылдан астам уақыттан бері аймақта 200 жылдан астам уақыт бойы мұндай масштабтағы жер сілкінісі болатыны туралы ескерту белгісінің болмағанына назар аударды.

Аймақта соңғы рет 1822 жылы болған 7,4 балдық жер сілкінісінің кейінгі сілкіністерінің шамамен бір жылға созылғанын білдірген хабарда эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкіністерінің дәл осындай жағдайдың қайталануы мүмкін деген болжам айтылды.

Жер сілкінісінің жойқын әсеріне орын берген «The Economist» хабарында  «Бұл жер сілкінісін соншалықты жойқын  болудың көптеген факторларф бар. Соның бірі--жер сілкінісінің қуаттылығы» делінді.

«Таймс» газеті де аймақтың тектоникалық қабаттардың түйіскен жерінде екеніне және жер сілкінісі салдарынан бұл қабаттардағы үйкелістің жойқын әсеріне назар аударды.

 



Ұқсас жаңалықтар