ЕО жылу жинау конференциясын ұйымдастырады
Еуропа Одағы наурыз айының басында жылу жинау конференция ұйымдастыратындарын жариялады.

Еуропа Одағы (ЕО) 6 ақпан күні эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык және Елбистан аудандарында болған және 10 аймақты қамтыған 7,7 және 7,6 балдық екі жер сілкінісінен зардап шеккендерге наурыз айының басында жылу жинау конференция ұйымдастыратындарын жариялады.
Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропа Одағының мерзімді президенті Швеция премьер-министрі Ульф Кристерсонның түрік билігінің үйлестіруімен осындай конференция ұйымдастырғысы келетіні айтылды.
Мәлімдемеде Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге халықаралық қауымдастықтың қаржылай көмегін жұмылдыру мақсат етілгені және конференцияның наурыз айының басында Бельгияның астанасы Брюссельде жоспарланғаны атап өтілді.
Жоғары деңгейдегі конференцияға Еуропа Одағы елдерімен қатар көршілес елдер, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер, халықаралық қаржы ұйымдары және басқа да институттар қатыса алады.
Фон дер Лейен «Түрік және Сирия халқымен біргеміз. Еуроодақ сіздерге қолдау көрсетеді. Мұндай трагедия алдында ешкім жалғыз қалмауы керек» деді.
Швеция премьер-министрі Кристерссон да жер сілкінісінің жақын уақытта болмағанын айтып, «Жер сілкінісінің зардаптары шынымен қорқынышты» деген сөздер қолданды.
Ұқсас жаңалықтар

Ауғанстанда мектепке гранатамен шабуыл жасалды
Шабуылда 2 оқушының қаза тапқаны, 4 оқушының жараланғаны атап көрсетілді.