Байден Түркиядағы жойқын жер сілкіністеріне тоқталды

Америка Құрама Штаттарының  президенті Джо Байден қайтыс болғандар үшін қатты қайғырғандарын айтты.

1944153
Байден Түркиядағы жойқын жер сілкіністеріне тоқталды

Америка Құрама Штаттарының  президенті Джо Байден Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкіністеріне тоқталды.

Джо Байден «Бұл аймақтағы соңғы 100 жылдағы ең ауыр жер сілкіністерінің бірі» деді.

Байден Висконсин штатындағы баяндамасында экономикалық жоспарларын түсіндірді.

Байден сөзін Америка халқының ойлары мен дұғаларының Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендермен бірге екенін айтып бастады.

Байдан қайтыс болғандар үшін қатты қайғырғандарын білдіріп «Бұл өте үлкен бір жер сілкініс, аянышты трагедия» деді.

Байден зілзаладан кейін президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон соққанын және АҚШ-тың НАТО одақтасы Түркияға іздеу-құтқару топтары да барлық қолдауын көрескенін айтты. Президент Байден АҚШ халықаралық даму агенттігі мен Еуропадағы АҚШ әскерінің де Түркиядағы жер сілкінісі аймағында көмек көрсетуге дайын екенін баяндады.

Сирияда да АҚШ-тың зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық ұйымдар арқылы көмектескенін  түсіндірген Байден «Қиын кезде Түркия мен Сирия халқына  көмек беруге табандымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар