Жозеп Боррель бір минуттық үнсіздікке шақырды
Боррель жиналысқа қатысушыларды жер сілкінісі құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алуға шақырды.

Президент Режеп Тайып Ердоған эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык және Елбистан аудандарында болған және 10 аймақты қамтыған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністеріне байланысты 7 күндік жапы ұлттық аза тұту жариялады. Аза тұту жарияланғаннан кейін Брюссельде НАТО штаб-пәтерінде түрік туы жартылай төмен түсірілді.
Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель жиналысқа қатысушыларды Кахраманмараштағы жер сілкінісі құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.
Боррель Еуропа Одағы Сыртқы істер басқармасының «Жалған ақпараттармен қатар Еуропа Одағының шетелдік ақпаратты манипуляциялау қаупіне наразылықтары» атты конференциясына қатысты.
«Мен сөзімді біздің кездесуімізге еш қатысы жоқ тақырыптан бастағым келеді» деген Боррель Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінде мыңдаған ғимараттың қирағанын айтты.
«Біз он жылдан астам уақыт көрмеген табиғи апат. Түркия мен Сирияда мыңдаған адам қаза тапты. Біз құрбандардың мәйіті мен тірі қалғандарды табу үшін күндіз-түні жұмыс істеген ержүрек құтқарушыларды ұмытпауымыз керек» деген Боррель қатысушыларды жер сілкінісі құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар

Ауғанстанда мектепке гранатамен шабуыл жасалды
Шабуылда 2 оқушының қаза тапқаны, 4 оқушының жараланғаны атап көрсетілді.