Сириядағы жер сілкінісінде 1602 адам қаза тапты
Сирияның әртүрлі аймақтарында қаза тапқандар саны 1602-ге және жарақат алғандар саны 3 мың 649-ға жетті.

Эпицентрі Кахраманмараш болған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністерінде, Сирияның әртүрлі аймақтарында қаза тапқандар саны 1602-ге және жарақат алғандар саны 3 мың 649-ға жетті.
Жер сілкінісі Сирияның Идлиб, Алеппо, Хама, Латакия, Тартус және Ракка аймақтарында да қатты сезілді.
Асад режимінің ақпарат агенттігі «САНА»-ның хабарына қарағанда, Алеппо, Латакия, Хама және Тартус облыстарындағы режим бақылауындағы аймақтарда 812 адам қаза тауып, 1449 адам жарақат алды.
Сирияның солтүстігінде оппозиция бақылауындағы аймақтарда көптеген ғимараттар қираған немесе зақымдалған.
Сирияның «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялық аймақтарында кемінде 790 адам қаза тапты, 2 мың 200-ден астам адам жарақат алды.
Ұқсас жаңалықтар

Грекияда 21 мамырда жалпы сайлау өтеді
Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис жалпы сайлаудың 21 мамырда өтетінін хабарлады.

Кения мен Сомалиде су тасқындарынан 21 адам қаза тапты
Кения мен Сомалиде нөсер жауын салдарынан су тасқындары орын алды.