Барша әлем жер сілкіністерінде зардап шеккендер үшін қол ұшын беруде

Эллен Де Женерес Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды.

1943191
Барша әлем жер сілкіністерінде зардап шеккендер үшін қол ұшын беруде

Америкалық танымал телебағдарламашы Эллен Де Женерес Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды.

Эллен Де Женерес Кахраманмараштағы жер сілкінісі апатына байланысты орталығы Америка Құрама Штаттарында  орналасқан Жаһандық мүмкіндіктер миссиясының қайырымдылық науқанымен бөлісті және көмекке шақырды.

Эллен Де Женерес өз хабарламасында «Түркия мен Сирия біздің көмегімізге мұқтаж» деген сөздер қолданды.

Эллен Де Женерес Жаһандық мүмкіндіктер миссиясының қайырымдылығының шамамен 3,5 миллион долларға жеткенін атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар