Израиль Украинаға әскери жәрдем беруді қарастыруда

Нетаньяху «Темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесін Украинаға жіберу мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

1942217
Израиль Украинаға әскери жәрдем беруді қарастыруда

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху «Темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесін Украинаға жіберу мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

Беньямин Нетаньяху Францияға сапары аясында  «LCI» арнасына берген сұхбатында 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Украина-Ресей соғысы және Иран туралы мәлімдемелер жасады.

Нетаньяху Украина-Ресей соғысы туралы «Мұның аяқталуы үшін бәріміз де үлес қосуымыз керек» деді.

Украинамен бірге екенін атап көрсеткен Нетаньяху журналистің «Темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесін Украинаға жіберуді қарастырып жатырмыз ба деген сұраққа «Иә, мен ойластырудамын» деп жауап берді.

Нетаньяху өз елінде жаңа үкімет құрылып бітуге жақын екенін, содан кейін олардың жалпы саяси бағытын анықтап, бұл мәселені қарастыратынын мәлімдеді.

«Темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесін Украинаға жіберу үшін нақты бір уәде бере алмайтынын баяндаған Нетаньяху Украина мен Ресейдің талабы және АҚШ-тың оң көзқарасы сияқты әртүрлі шарттар қосылғанда Ресей мен Украина арасында араағайындық жасауды  да қарастыратынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар